Шымкенттегі «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі 200 балаға нысаналы грант бөліп отыр. Бағдарламаға сәйкес, абитуриенттер 2 жыл 10 ай ішінде қаладағы 12 кәсіпорында біліктілігін арттырады. Ал оқу орнын аяқтағаннан соң, тұрақты жұмысқа орналаса алады. Биыл тоғызыншы сыныпты тәмамдаған Гүлжайна Амангелді бала кезінен дизайнер болуды армандаған. Сән әлемінде өзіндік қолтаңбам қалса екен деген бойжеткен арнайы гранттан […]