Түркістанда тағы бір жайлы мектеп пайдалануға берілді. Сыйымдылығы 2 мың орындық болатын жайлы мектеп қалада осымен екінші рет есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Жаңа қала ықшам ауданының тұрғындарын келе жатқан жаңа жылмен және жаңа мектептің ашылуымен қатар құттықтады. Мұнымен тоқтап қалмай, жыл соңына дейін әлі бірнеше мектепті тағы ашамыз деді […]