2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізілуде. Электрондық оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысты. Пәндерді электрондық оқулықтармен 100 пайыз қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, […]