27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жасар қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды. Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды. Ұсталғанға қатысты ҰҚК […]