Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленеді. Қалың қарызды өндіру үшін сот орындаушылар борышкерді шетел асырмауға, көлігін айыппұл тұрағына апаруға құқылы. Банктегі есепшоттарын бұғаттап, басқа да мүлкіне тыйым салады. Тіпті әлгі қарыз көп адамның жүргізуші куәлігіне шейін шектеу қойылып, қамауға алуға қақы бар. […]