Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды. Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді. Тойота Камри маркалы автокөлік иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 2 800 000 теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Жандосов көшесінде ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді. Көлік […]