Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін қылқындырып өлтірді деген әйелге қатысты сот үкімі шықты. 50 жастағы сотталушының сөзінше ол, бұл әрекетке ішкілікке салынған жұбайы тарапынан болған зорлық-зомбылық әрекеттерінен шаршағандықтан барған. Жұбайын қылқындырып өлтірді деген әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәкен Тұрғынбаев, Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы: «Сотталушы кештердің бірінде жұбайының мас күйінде үйіндегі […]