Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген қазақстандықтар саны бүгінде 30 мыңнан асады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер қорғаныс министрлігінің өкілдерінен әскери борышын өтеуден қашып жүргендердің саны қанша екенін сұрады. «Ең алдымен, қашып жүрген емес, іздестіріліп жүрген деп нақтылап өтейін. Биыл іздестіруде жүрген азаматтарымыз 30 мыңнан асып жығылады. […]