Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлады. 1 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі өзбек жерінен қоныс аударған – 53,9%. Қазағы үдере көшкен екінші мемлекет Қытай – 19,1%. Ресейден – 12,1%, Түрікменстаннан– 5,6%, ал Моңғолиядан 5,7% қандас көшіп келген. Келген этникалық қазақтардың басым […]