Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 4 млрд. теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың ұйымдастырылған схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Мысалы, Жамбыл […]