Шымкентте отбасы банктың жаңа кеңсесі ашылды. Жақын арады мемлекеттік бағдарлама негізінде баспана алуға конкурс жарияланады. Соған орай мекеме өз салымшыларына тиімді жағдай жасап жатыр. Күміс алқа иесі Мәриям Әшірәлиева көпбалалы ана ретінде үй кезегінде тұр. Биыл жаңа бағдарлама негізінде баспанаға қол жеткізуді армандайды. Сондықтан 2 жасар қызының тұсауын Отбасы банкінің жаңа кеңсесіне келіп кестіріп жатыр. […]