Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өліміне кінәлі деп танылған Сайдолим Гаийбназаровты бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкері жұмысына байқамай салғырттық танытты деген күдікке ілінген еді. Бұған дейін жарыссөзде прокурор сезіктіні 3 жылға соттауды сұраған. Ал бүгін күдікті пробация қызметі бөлімі қызметкері соңғы сөзінде өзінің айыпты емес екенін алға тарты. «Мен өзімді кінәлі емеспін деп есептеймін […]