«Кәсіп ашамын» деген шымкенттік ақшасынан қағылды. Абай АПБ-на арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы «Мемлекет тарапынан кәсіп бастау үшін берілетін қайтарымсыз қаржы 5 000 000 теңгені алып беремін» деп, 335 000 теңге ақшасын алып, уәдесінде тұрмаған. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. […]