Шымкентте 52 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Азаматтар 1 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз көмек алды. Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау қашанға дейін жүргізіледі? Шымкентте 52 азамат мемлекеттен қайтарымсыз негізде қаржылай көмек алып, баспаналы болды. Солардың бірі 33 жастағы Гүлдана Қожаева. Ипотекалық бағытта үй аламын деген азаматшаға 600 мың теңгеден астам мөлшерде әлеуметтік көмек берілді. […]