Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек АӘК тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд. теңге бөлінді, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. […]