«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» […]