Шымкентте алты адамды қаққан атышулы автобус апатына қатысты сот басталды. 5 айға жалғасқан тергеуден кейін зардап шеккендердің барлығы сот залына жиналды. Олар салғырттық танытқан автобус жүргізушісін тиісті түрде жазасын алуды талап етіп отыр. «Моргқа кірдім, жатыр. Қызымның үстіндегі көйлегінен таныдым. Қалпағы былай ашылып кеткен. Шашы жайылып ұзын боп жатыр. Арғы жағын білмеймін. Шыққасын құлап қалдым» […]