Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұялы байланыс операторларының станцияларынан аккумулятор ұрлады деген күдікке ілінген адамдар тобын анықтады. Жедел уәкілдер үш күдіктіні, яғни Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Ұрланған затты сатып алушылар да анықталды. Аталмыш жас жігіттердің аккумулятор ұрлаудың 10 фактісіне қатысы бар болып шықты. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеден асады. Мәселен күдіктілер Қазығұрт […]