Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар «Тойота Камри» автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті. Нақтырақ айтсақ, Жедел басқару орталығына сот орындаушысының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген. Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен аталмыш автокөлікті анықтап, патрульдік полиция экипаждарын борышкер-жүргізушіні […]