«7-20-25» бағдарламасы бойынша тағы бес жыл бойы ипотека беріліп тұрады, деп хабарлайды Krisha.kz порталы. «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы коммуникациялар менеджері Айбар Олжаевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы келесі жылы да, тіпті, 2029 жылға дейін жалғасады. Ал жыл сайынғы лимит (100 млрд теңге) өзгермейді. «Келесі жылы өтінім қабылдау тәртібі де өзгермейді. Оны банктердің өздері реттеп отырады. Ал […]