«7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотеканың пайыз субсидиясы 10 жылға ғана төленеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. Мысалы, аталған бағдарлама бойынша 20 жылға 20 пайыздық ипотека алсаңыз, несиені алғашқы 10 жыл бойына 12 пайызбен, ал қалған 10 жылында 20 пайызбен төлеу керек болады. Еске сала кетейік, министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын «Ашық Нормативтік құқықтық актілер» порталында жариялап, көпшілік талқысына ұсынған болатын. Бұйрық жобасы бүгінде Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің келісімін алмаған.