Шымкент қаласы Қаратау ауданында мүгедектігі бар балалардың құқығы бұзылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Ресми мәліметке қарағанда, прокурорлар балалардың құқықтарын сақтау үшін талдау жүргізіп, олардың әлеуметтік қорғалу құқығы бұзылғаны анықтаған. Нақтырақ айтқанда мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне заңнамада көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі туралы тиісті ақпарат берілмеген. […]