Отырар ауданында 72 жастағы ақсақал, ел жанашыры Дүйсенбек Божаевтың демеушілігімен балаларға арналған ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Іс-шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, туған жерін түлетуге атсалысқан азаматқа ауыл халқының атынан алғысын айтты. – «Ауылына қарап азаматын таны» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Киелі Отырар ауданының, оның ішінде Темір ауылының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан […]