Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі «мал қора сатып алып беремін»,- деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды […]