ҚМА Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері 1,1 млрд. теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады. Осылайша, екі кәсіпкерлер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген. Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.