Шымкентте ынтымақ күніне орай Орталық мешітте 800 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен шараға қаламыздың қайырымды жандары демеушілік жасаған. Ал «Рамазан қоржыны» әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарға таратылды. Бүгін Шымкентте 800 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. Қайырымдылық акциясына қатысушылар арасында көпбалалы ана Айгүл Нұржанова бар. 34 жастағы жалғызбасты келіншек қазір ерекше күтімді қажет ететін баланы […]