Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің баспасөз қызметі биыл Қазақстанда 801 қандас жоғарғы оқу орнына грантқа қабылданғанын хабарлады. Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ адамдар үшін қабылдау квотасының мөлшері 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 Қазақстан үкіметінің қаулысы бекітілген. «Қаулы диаспора өкілдеріне белгіленген квота шегінде білім грантын беру конкурсына қатысуға мүмкіндік берді», – дейді министрліктің баспасөз қызметі. […]