«Спорт маған күш – қуат береді» деген 81 жастағы Тәліпбек Әлжанов жастардан қалыспай әлі күнге дейін пауэрлифтингпен айналысады. Соңғы 33 жылда жеткен жетістіктері де аз емес. Азия Кубогының күміс жүлдегері былтыр Дүниежүзілік жарыстың қола медаліне қол жеткізді. Ең басты жетістігі – денсаулықтың арқасында немерелеріне, өскелең ұрпаққа салуатты өмір салтын насихаттап келеді. Көпке үлгі бола білген […]