«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды. Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа […]