Премьер-министр Әлихан Смайылов баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуді тапсырды. Қазіргі кезде әкімдіктер әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдардың баспана кезегін жүргізеді. Бірақ осы санаттағы азаматтарды үймен қамтамасыз ету шаралары сапасыз атқарылады. «Салынып біткен тұрғын үйлерді ала алмай жүрген азаматтардан шағым көптеп түсіп жатыр. Себебі Отбасы банкінде жеңілдікпен несие беруге қаражат жетіспейді. Жұмысқа бұлай салғырт қарауға болмайды», […]