Абай ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған сыйақысы үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуге уәде берген. “Көмегі” үшін азаматша алаяққа 160 мың теңге берген екен. Арада бірнеше ай өте соңғысы уәдесін орындамаған. Тергеушілер фактіні «алаяқтық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеді. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. […]