Өз міндетін дұрыс атқармаған кәсіпкер мемлекетке 56 млн теңге қаражатты қайтарады. Бұл қаржы Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыруға бөлінген екен. Сатып алу конкурсын 2018 жылы жеңген заңды тұлға құжатта көрсетілген жұмысты ішінара орындамаған болып шықты. Бизнес иесі алғашқы сотта жеңіске жеткенімен, прокуратура апелляцияға жүгінген. Нәтижесінде тиісті деңгейде игерілмеген қаржы мемлекеттің пайдасына өндірілетін болды. «Шымкент қаласының […]