Абай ауданында заңсыз салынған 1475 үй бар. Оны тұрғындар ешқандай құжат пен келісімсіз өздері тұрғызып алған. Ал оның 400-ден астамында адамдар өмір сүруге жарамсыз. Қазір бұл жер учаскелері әкімдік бақылауына алынған. Аудан әкімі олардың мәселесі алдағы уақытта заң шеңберінде шешілетінін айтады. «Бұл тек заң аясында шешіледі деп күтіп отырмыз. Қазір бұл бізде 2024 жылға өзекті […]