Абай облысында алтын кенін заңсыз өндіргендер анықталды. Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде қылмыстық топ түсті металды өз беттерінше қазған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы департамент мамандары заңсыз әрекет еткендердің 2 цехын анықтаған. Сондай-ақ 13 адамды құрықтады. Арасында 7 шет елдік бар. 100 тонна алтыны бар кен мен жарылғыш заттар мен қымбат металды өндіруге қажет қоспалар тәркіленген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.