Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Бас прокуратура. «9 маусымда Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс […]