Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған Әбдез Рахманұлы – Түркістан облысының құрметті азаматы атанды. Бұл шешім облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында қабылданды. Мұндай мәртебелі дәреже осы жиында белгілі оператор Ағабек Қазанбайға да берілді. Айта кетейік, өңірде бұл құрметті атақ Өмірзақ Шөкеев, Әуелхан Тұрғымбеков, Ұласбек Сәдібекұлы сияқты 60-тан астам айтулы азаматта бар.