Шымкентке жұмыс сапарымен келген еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Әлеуметтік нысанды аралап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп жатқан оңалту шараларымен танысты. Бүгінде орталықтағы тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған. «Толық осы […]