Еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкент қаласына іссапармен келді. Жұмыс сапары барысында ол еліміздегі жалғыз әйелдер колониясына барып, жұмысымен танысты. Түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арыз-шағымын тыңдап, жеке қабылдау өткізді. Артур Ластаев алдымен №78 түзеу мекемесінде болды. Әйелдер колониясының жұмысымен, жазасын өтеушілердің жағдайымен танысып, ондағы мүмкіндіктерді бағалап қайтты. Басты мақсаттың бірі – түзеу мекемесінде […]