Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жазасы күшейтілетін қылмыс түрлерін атады. Сенат қарауына енгізілген заң бойынша алдымен Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 1-бөлігінде жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын 3 жылдан 5 жылға дейін арттыру жоспарланып отыр. Телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған осындай әрекетке 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал қылмыстық […]