Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаны салу неліктен қажет? Тұрғындар денсаулық сақтау мекемелерінің қызметіне көңілі толмаса, қайда шағымдана алады? Осы және тағы басқа сауалдарға Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жауап берді. – Қазір тұмау белең алып жатыр. Шымкент қаласында жағдай қалай? – Қазір ауа-райының салқындауына байланысты тұмау жүру кезеңі болып жатыр. Әлемде короновирустың […]