Мұстафа Кемаль Ататүріктің дүниеден өткеніне 84 жыл. Бүгін Түркия халқы ел көсемін еске алды. Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні жергілікті уақытпен 09-05 те республиканың төрт тарапында қозғалыс тоқтап, бір минуттық үнсіздік жарияланады. Барлық қаларда дабыл қосылып, жүргізушілер көліктерінің сигналдарын басады. Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді. Марат Ахметжановтың сөзінше, биылғы 10 айда ауыр қылмыстар саны азайған. Жыл басынан бері 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар адам саудасы, қару-жарақ, есірткі сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан. Сондай-ақ сақшылар биыл 12 тоннаға жуық есірткі тәркіледі. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 3 жылға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.