Шымкент қаласы Абай аудандық әділ билер алқасы мен №136 мектептің бірлесіп ұйымдастырған «Қазақтың ұлттық киімдері мен салт-дәстүрлерін дәріптеу» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – ұрпақ санасына қазақ халқының бай мәдени мұрасын, оның ішіндегі киім-кешек, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жеткізу. Ұлттық киімдер тек матадан тігілмейді, олар ғасырлар бойы қалыптасқан, халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тіршілік болмысын паш ететін […]