Шымкент қаласындағы негізгі көше жолдары кезең-кезеңімен жаңалануда. Жібек жолы мен Н. Төреқұлов көшесінің қиылысынан бастап Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Күрделі құрылыс барысында газ құбырлары, электр бағаналары жаңаланып, жол едәуір кеңейеді. Жалпы 3,74 шақырымды құрайтын Адырбеков көшесінің Жібек жолы мен Мәншүк Мәметова көшелеріндегі бөлігінде құрылыстың келесі кезеңі наурыздың […]