Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Сонымен қатар богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті. […]