Бүгін Шымкентте Парламент депутаттары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары энергия өндіруде уран әлдеқайда қауіпсіз және мол қуат көзі екеніне тоқталды. Елімізде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар. Сарапшылар АЭС салуда қорқыныштың реті жоқ екенін айтуда. Қазақстанда металлургия, көлік, IT, медицина, және ауыл шаруашылығы өндірісіне қажет электр қуатының тапшылығы сезілуде. […]