Шымкентте 2 жасқа толмаған баланы туысы 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген болатын. Оқиға 23 қараша күні кешкі 20:00 шамасында Ғ.Иляев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бала дереу ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Полицияның мәліметіне сүйенсек, бүлдіршінді терезеден құлатып жіберген анасының 40 жастағы інісі. Ол 2017 жылдан бері психикалық жағдайына байланысты арнайы есепте […]