Шымкенттегі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі демалыс кезінде Түркістан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарды. Бірер күн бұрын Әділет Жақсылық ағасы Нұрғисамен бірге үй шаруасымен айналысып жүріп, кенеттен жақын жердегі өзеннен балалардың айқайлаған дауысын естіген. Көмекке жеткен бұларға жағалауда тұрған бала суға батып кеткен досын көрсетеді. Ойланбастан […]