Бүгінде аудан орталығы саналатын Жетісай қаласында 8343 тұрғын үйде 50 мыңға жуық тұрғын тұрады. 133 көппәтерлі тұрғын үйде 1500 пәтер бар. Аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов арнайы сала мамандарымен бірге көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесуді бастады. Мақсат – тұрғын аулаларында орналасқан әжетханаларды бұзып, кәріз жүйесіне қосылуларына көмектесу, кондаминиум бағдарламасымен қосқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу […]