Арыс ауданындағы Ақдала ауылында тұрғындарға арналған жаңа спортзалдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заманауи стандарттарға сай салынып жатқан нысан 2025 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының барысын бақылау үшін бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова нысан алаңында болды. Әкім мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасын, жұмыс кестесін және жобаға қатысты мәселелерді талқылады. Шаһар басшысы […]