Полицияның 102 жедел желісіне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, аялдамаға уақытша қалдыра тұрған 13 жастағы ұлының жоғалып кеткенін жеткізді. Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолы бойынша тексеруді бастады. Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты. […]